Қатар-2022: Аргентина алғашқы жеңісіне қол жеткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының С тобында Аргентина құрамасы Мексикадан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен турда Аргентина Сауд Арабиясынан жеңіліп қалған еді. Сондықтан бүгін жеңіске жетпесе, жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылып қалатын. Сондықтан Леонель Месси бастаған футболшылар Мексиканың осал тұсын табуға бар күшін салатыны белгілі болды.

Кездесу барысында дәл осындай жағдай көрініс берді. Алғашқы минуттан алға ұмтылған аргентиналықтар Мексика қақпашысы Гильермо Очоаның осал тұсын табуға тырысты. Аргентина шабуылына лайықты төтеп бере білген мексикалықтар қолайлы сәтте алға қарай ұмтылды. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде аргентиналық футболшылар есепті ашуға күш салды. Десе де біраз уақытқа дейін дегеніне жете алған жоқ. Ойынның 64-минутында Леонель Месси алыстан тепкен добын қақпа торында тулатты. Осылайша ол өзінің құрамасының көшбасшысы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қиын сәтте жеңіске жетелейтінін аңғартты. Ол 87-минутта құрамадағы әріптесі Энцо Фернандеске пас шығарып, соңғысы оны голға айналдырды.

Осылайша Аргентина қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетсек, аталған топта екінші турда Польша Сауд Арабиясын тізе бүктірді.

Еске салсақ, аталған топта екінші турда Франция құрамасы Даниядан басым түссе, Аустралия Тунисті жеңіп кетті.


Соңғы жаңалықтар