Қатар-2022: А тобында жарысты қай құрама жалғастырады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында 29 қарашада А тобында үшінші тур ойындары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған топтағы екі ойын да елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Қазірге дейін турнир кестесінде Нидерланд - 4, Эквадор мен Сенегал - 3 ұпай еншілеп тұр. Бұл құрамалардың жарысты жалғастыру мүмкіндігі бар. Ал екі турда ұпайсыз қалған Қатар топтық кезеңнен әріге бара алмайды.

Нидерланд пен Қатар кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Эль-Хаур қаласындағы 68895 жанкүйерге арналған «Эль-Байт» стадионында өткізіледі. Бас төреші - гамбиялық Бакари Гассама.

Екі құрама өз тарихында тұңғыш мәрте кездеседі.

Бұл топтағы Эквадор мен Сенегал ойынын жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тамашалай алады.

Ойын ел астанасы Доха қаласындағы 45857 жанкүйерге арналған «Халифа Интернейшнл» стадионында болады. Бас төреші -франциялық Клеман Тюрпен.

Екі құрама өз тарихында екінші мәрте ойнайды. 2002 жылы өткен жолдастық кездесуде Сенегал 1:0 есебімен басым түскен еді.

Cондай-ақ, 1.00-де В тобында Уэльс пен Англия, Иран мен АҚШ құрамалары шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Бразилия рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.


Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар