+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды

2020 жылғы 14 шілде 10:17
Бөлісіңіз:
Қатаң карантин шаралары  2 тамызға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1102, 17 адам қайтыс болды Қазақстанда өткен тәулікте 929 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Өткен тәулікте Қазақстанда 907 адам коронавирус жұқтырған

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы кезеңге бірқатар нақты міндеттеме белгіледі. Осы тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдардың ұсыныстарын тыңдадық. Бұл ретте ұсыныстарды ескере отырып, келесі шаруаларды тапсырамын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Асқар Мамин алдымен коронавирус пандемиясымен күрес жүргізу үшін құзырлы органдарға бірқатар міндет жүктеді.

«Қатаң карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз. Осы ретте барлық қазақстандықтады карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Бұл шаралар аса маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен карантинді одан ары жүзеге асыру үшін барлық шараларды іске асырсын», - деді ол.

Үкімет басшысы дәрі-дәрмектің қажетті қоры барын айтып өтті.

«Әрі ол үнемі толықтырылып отырады. Оларды дәріханалар мен стационарларға нақты бөлу бойынша барлық шараларды қамтамасыз ету қажет. Атырау және Маңғыстау облыстарында вирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін осы өңірлерге мамандар жіберілді. Бұл шара Атырау облысын - 102, Маңғыстау өңірін 56 маманмен жұмысты нығайтуға мүмкіндік жасайды. Аталған әкімдіктер жіберілген мамандарға көмек көрсетсін», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT