Катамараннан құлап, суға батып кетті - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында 23 жасар жігіт өзенге батып кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы жағдай Целиноград ауданының Қосшы ауылында кешкі сағат 22:00 шамасында тіркелген. Ауыл маңынан ағып өтетін Нұра өзенінде 1991 жылғы Р.Оразалин абайсызда катамараннан суға құлап, батып кеткен.

Астана қаласындағы ҚР ТЖМ Орталық аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының мамандары мәйітті судан алып шықты.

Соңғы жаңалықтар