Қасымов транзиттік ауған есірткісінің қанша көлемі Қазақстанда қалатынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан арқылы өтетін ауған героинінің 10 пайызы ел аумағында қалады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы және ағымдағы жылдың басынан бері 4 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркелді. Көрші елдері арқылы бізге жетіп, одан кейін Ресей мен Еуропаға жөнелтілетін ауған героины барынша қауіпті болып отыр. Сарапшылық бағалауға сәйкес есірткінің 10 пайызы транзит елде қалады. Біз де одан тысқары емеспіз», - деді министр.

Оның айтуынша, елімізде еуропалық синтетикалық есірткі қаупі де ушыға түсуде. Диллер оларды интернет арқылы таратуда. Ал олардың трафигін қадағалау мүмкін емес.

«Өзіміздің де шикізаттық база ахуалды қиындата түсуде. Бұл - Шу алқабының қарасорасы. Ал оңтүстік өңірлерде, әсіресе, Қызылорда облысы халқының бір бөлігі үнді қарасорасын өсірумен әуестеніп алған. Үш жылдың ішінде 154 плантация анықталып, бұл қарасораның 215 тоннадан астамы тәркіленді. Проблемаға таяуда ғана Мәжіліс депутаттарының назар аударуы тосыннан емес», - деді Қалмұханбет Қасымов.

Соңғы жаңалықтар