Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 16 °С
Алматы: 12 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Қасымов көлік қаққан жол реттеуші туралы: Оған алатаяқтың қатысы жоқ

2017 жылғы 7 желтоқсан 13:14 2193
Бөлісіңіз:
Қасымов көлік қаққан жол реттеуші туралы: Оған алатаяқтың қатысы жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанда жол реттеушісін көлік қағып кетуі оқиғасына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Реттеуші жарық шағылыстыратын жабдықтарда болды ғой. Аталған оқиғаға жүргізуші кінәлі. Сондықтан алатаяқтарды қайтару қажеттігі жоқ. Бұл әлемдік тәжірибе, сондықтан таяқшалар керек емес деп санаймыз», - деді министр Сенаттың жалпы отырысы кезінде тілшілерге берген жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында Lexus автокөлігі жол қозғалысын реттеушіні қағып кетті. 

 «Мәңгілік ел және Бұқар жырау даңғылдарының қиылысында болған жол көлігі апатына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Lexus» маркалы автомобильдің жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, аталған жол бөлігінде көлік қозғалысын реттеп тұрған полиция инспекторын қағып кеткен», - деп мәлім етті Астана қаласы ІІД-інің баспасөз қызметі. Зардап шеккен полиция қызметкері жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.    

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ішкі істер министрлігі жол қиылыстарында қозғалысты реттейтін полицейлерге алатаяқтарды қайтару қарастырылмағанын мәлім еткен болатын.  

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбай келеді. 2017 жылға дейін қолданылып келген полицейлердің алатаяқтары жинақталып, арнайы сақтау үшін қоймаларға жіберілген.

 

 


Басты сөздер: Парламент, ҚР ІІМ, Көлік, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат