Қасымхан Төленбай грузиялық балуанды қапы қалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 66 келіде ел намысын қорғап жатқан балуанымыз Қасымхан Төленбай грузиялық балуанды қапы қалдырып, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше жалауы желбіреген доданың бүгін екінші күні. жарыстың алғашқы күні отандастарымыз үш алтын, бір қола медаль еншілеген болатын.

Үш алтынды 55 келіде өнер көрсеткен Марат Нығматуллаев, 82 келі салмақта сынға түскен балуанымыз Ерсұлтан Мұзафаров және 90 келі салмақта Әділжан Ыстыбаев чемпион атанса, аса ауыр салмақта Русылан Әбдіразақов қола медаль жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар