Валюта бағамдары:
    usd/kzt 472.17 eur/kzt 495.5

    rub/kzt 7.57 cny/kzt 67.74
Ауа райы:
Астана-15-17℃
  Jańalyqtar  >

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапарының видеосы жарияланды

2022 жылғы 27 қыркүйек, 15:00

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапарының видеосы жарияланды.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысында жүр .

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Түркістан облысы жұртшылығымен кездесті.

«Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі», - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Президент бір топ түркістандықтарды марапаттады.


Фото:t.me/bort_01




Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары