USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тұңғыш Президент - Елбасы туралы кітабы португал тілінде шықты

2021 жылғы 1 желтоқсан 21:13
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тұңғыш Президент - Елбасы туралы кітабы португал тілінде шықты

ЛИССАБОН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Тарих сомдаған тұлға» атты кітабы португал тілінде шықты, деп хабарлайды ҚазАпқарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға түзету енгізді Құрметті демалыстамын, ешқайда кеткен жоқпын – Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Тарих сомдаған тұлға» атты кітабы оқырман қауымға кеңінен танымал. Бұл іргелі еңбекте қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаған көрнекті саясаткердің өмір жолы баяндалады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл кітабында тәуелсіз Қазақстан тарихындағы сындарлы сәттерге, атап айтқанда, жас мемлекеттің қалыптасу кезеңіне, ел астанасының көшірілуіне, саяси және экономикалық реформаларға, сыртқы саяси аренадағы алғашқы қадамдарға ерекше мән берген.

Елбасы уақыт сынына абыроймен төтеп берді. Бұл кітап жарық көрген сәттен әлемге Қазақстан саяси әдебиетінің жарқын көрінісін паш етті. Сонымен қатар шет мемлекеттерде де зор қызығушылық туғызды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарих сомдаған тұлға» атты кітабының бүгін, яғни Тұңғыш Президент күні Лиссабонда португал тілінде жарыққа шығуының символдық мәні зор. Осы айтулы оқиға Қазақстан мен Португалияны одан әрі жақындатуға септігін тигізіп, шетелдік оқырмандарға еліміздің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін таныта түспек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT