Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін іс-шара «Хабар 24» телеарнасынан Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:00-де тікелей эфирде көрсетіледі»,-делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар