Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургке жасаған жұмыс сапарынан бейнешолу жарияланды

Фото: None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургке жасаған жұмыс сапарынан бейнешолу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемллекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Ресейге барды.

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиев қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бейресми саммит аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.



Соңғы жаңалықтар