Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы ақтөбеліктермен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы үгіт-насихат жұмыстарымен Ақтөбе облысында болып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе рельс-арқалық зауытының еңбек ұжымымен кездесуде Штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының басты қағидаларына тоқталды.

Сондай-ақ олар облыстың Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылының жұртшылығымен жүздесіп, ауыл халқымен ұстаздар мен дәрігерлердің жағдайын жақсарту, жемқорлықты түп-тамырымен жою сияқты мәселелерді талқылады.

Үгіт-насихат жұмыстары облыстағы кәсіпорындарда да жалғасты.

Сондай-ақ, бүгін ел президенттігіне үміткер Дания Еспаева Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы экономикалық аймақтағы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС ұжымымен кездесті.

Ал кеше Президенттікке тағы бір үміткер Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері маңғыстаулықтарға кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын таныстырған болатын.

Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбековтің Қызылорда облыстық сайлауалды штабы қалалық автобус паркінің еңбек ұжымымен кездесті.

Ал кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан «Агро-Өркен» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

«Ауыл» партиясы атынан президент сайлауына түсіп жатқан Төлеутай Рақымбековтің сенімді өкілдері Павлодарда «Сағып» шаруа қожалығына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Соңғы жаңалықтар