+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы 100 күні: Брюссельде брифинг өтті

2019 жылғы 31 қазан 16:49
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы 100 күні: Брюссельде брифинг өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Брюссельдегі баспасөз клубында Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Айгүл Құспан «Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы 100 күні» тақырыбында баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды Қорықшы Әділ Кенжеғұлов «Айбын» орденімен марапатталды Ақсай мен Аюсай өзендеріне бөгет салу қажет- Тоқаев

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес президенттік лауазымдағы алғашқы 100 күн мемлекеттің жоғарғы басшысы қызметінің кейбір қорытындысын шығаруға мүмкіндік беретін нышандық кезең саналады. Ал А.Құспан өткізген брифинг еліміздің Президенті лауазымындағы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінің негізгі қорытындысын еуропалық аудиторияға таныстырудың жақсы мүмкіншілігі болды.

«Осы жылдың 12 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымға ресми кірісуіне арналған ресми шарада сөйлеген сөзінде өз мақсатын қоғам бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқығын, сонымен қатар Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау ретінде белгілеген болатын. Мемлекет басшысы 10 негізгі бағытты белгілеп, жүзеге асыруға кірісіп кетті», - деді қазақстандық дипломат француз тілінде.

Осыдан кейін Елші аталған кезең ішіндегі Қазақстан Президенті жұмыс қорытындысына кеңінен шолу жасап өтті. Өткен айлар оқиғаларға және Президент Тоқаевтың нақты шешімдеріне толы болғандығын айтты. Бұл шешімдер Қазақстан халқының басым бөлігіне оң қолдауға ие болған.

А.Құспан табысы төмен азаматтардың несиелерін өтеуге, халықтың табысын арттыруға және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруға баса назар аударды. 2 қыркүйектегі Президент Жолдауы жайында айта келе қазақстандық дипломат ел басшылығының теңсіздікті қысқартуға және ел азаматтарының өмір сапасын жақсартуға айрықша назар аударатындығын атап өтті.

«Президент Жолдауында микро, шағын және орта бизнесті қолдауды қоса алғанда саяси және экономикалық дамуға баса мән берді», - деп атап өтті А.Құспан.

Шамамен 1,5 сағатқа созылған баспасөз мәслихаты барысында еліміздің сыртқы саясатына да айрықша назар аударылды.

Мемлекет басшысының күнтәртібі барынша қанық болды: 12 маусымнан бері Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, АҚШ, Армения және Ресейге шетелдік сапар жасады.

А.Құспан сөз сөйлеп болғаннан кейін брифингке қатысқан Еуропалық комиссия шенеуніктері, дипломаттар, сарапшылық қоғамдық өкілдері мен журналистер тарапынан сұрақтар қойылды. Еуропалықтарды қазақстандық-қытайлық қарым-қатынас, Қазақстанның Африка елдермен ынтымақтастығы, магистралды газ құбырларының құрылысы, Нұр-Сұлтанда өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлік конференциясына дайындық шаралары және денсаулық сақтау мәселелері қызықтырды.

«ЕО мен Орталық Азия арасындағы қатынастарды нығайту» үкіметтік емес ұйымы байқаушылар кеңесінің мүшесі, Орталық Азия бойынша сарапшы Пьер Боргольцтің пайымынша, Тоқаев Президент лауазымына кіріскен алғашы айларда көп іс тындырылды. Оның атап өтуінше, Президент Тоқаев өз алдына ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың іргелі рөлін жалғастыру бойынша ауқымды міндет жүктеді. Сонымен қатар Президенттің халықтың экономикалық және әлеуметтік дамуына айрықша назар аударуы құптарлық іс. Бұл ретте көпбалалы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың, халықтың тұрмысы төмен санаттарының несиелерін мемлекеттің өтеп беру де таңқаларлық жайт.

«Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында көпір болу міндеті Қазақстан үшін зор сын-тегеуірін саналады. Алғашқы қадам жасалды да және месседждер Қазақстанды бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін араағайын жасау мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген саясаттың жалғасы екенін дәлелдейді. Еуропалық одақ үшін бұл жақсы белгі. Өйткені, Қазақстан Еуропа үшін стратегиялық серіктес саналады. Осы негізде біздің қарым-қатынасымыз Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңастратегиясымен бірге гүлденіп, дамитын болады», - деді П.Боргольц.

Ал баспасөз брифингіне қатысқан Еуропаның азиялық зерттеу институтының аға сарапшысы Альберто Тюркстра Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымында қоғам сұраныстарын өмірде жүзеге асыру үшін жұмыс істейтіндігіне сенімді.

«Қиын жағдайға тап болған адамдарды, әйелдерді, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін қолдау шын мәнінде жаңа Үкіметтің мақсаты әрі негізгі міндетіне айналды. Сыртқы саясатта Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдермен ғана қатынасқа белсенділік танытып отырған жоқ. АҚШ-та болды және біз таяу уақытта Брюссельге келетіндігіне сенімдіміз», - деді Альберто Тюркстра.

Авторы Тимур Дүйсекеев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT