Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жұмыс сапарының видеосы жарияланды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жұмыс сапарының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қарағанды облысына жұмыс сапарынан соң Президент Павлодар облысын сапарлады.

Павлодар облысында ол жергілікті тұрғындармен жүздесіп, өңірдің экономикасы, жетістіктері мен болашақта атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде баяндады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанның өркендеуіне үлес қосқан бірқатар Павлодар тұрғынын марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының ұстаздар қауымымен кездесіп, бала оқыту жолындағы өлшеусіз еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Президент Павлодар алюминий зауытына барып, зауыт жұмысымен танысып, кәсіпорынның жұмысшыларымен кездесті.




Фото:t.me/bort_01





Соңғы жаңалықтар