Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапарының соңғы күні туралы бейнешолу

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында бірқатар кездесулер өткізді. Сапардың үшінші, яғни соңғы күнінің бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Президент сапарының соңғы күні туралы бейнеролик жариялады.

Бейнешолуды әзірлеген - ҚР Президентінің телерадиокешені.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте өткен БҰҰ бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлеген болатын.

БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Румен Радевпен, Польша Президенті Анджей Дудамен, Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен, Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Соңғы жаңалықтар