Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстауға жұмыс сапарынан видео жарияланды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапарының бірінші күніне бейнешолу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеоны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында бөлісті.

Айта кетейік, Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан салынған «Халық Арена» спорт кешені мен қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.


Соңғы жаңалықтар