Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары туралы деректі фильм жарыққа шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары туралы деректі фильм жарыққа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин не туралы келісті? Қытайлық миллиардер Джек Ма не үшін Қазақстанға үлкен құрметпен қарайды? Сондай-ақ, Қазақстан Президенті соңғы үлгідегі интерактивті тақтаға не жазды? Осы сұрақтардың барлығына «Әлемге көзқарас» циклы бойынша түсірілген «Барыс пен Айдаһардың стратегиясы: Өзара құрмет пен мәңгілік ынтымақтастық» деректі фильмі жауап бермек.

Аталмыш деректі туындыны Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені мен «Хабар» агенттігі бірлесіп түсірген. Фильмді бүгін кешкі сағат 22.30-да «Хабар» агенттігінен тамашалауға болады.



Соңғы жаңалықтар