Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жұмыс сапары аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барғанын жазған болатынбыз.

Шолпан-Атада Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті.

Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Ыстықкөлде көшпенділер ойындарын тамашалады.

ҚР Президентінің Қырғызстанға жұмыс сапарының бірінші күнінен видео жарияланды.

Ал бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысып, сөз сөйледі.

Сондай-ақ Президент Қырғыз еліне сапары барысында жазушы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды.

Мемлекет басшысы музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.



Фото: t.me/bort_01


Соңғы жаңалықтар