Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беру рәсімі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыс барысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Қ.Тоқаевтың Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кірісуіне арналған шараның ашық екендігін жария етті. Осыдан кейін бірлескен отырысы өтіп жатқан залға Құрметтің қарауыл еліміздің туын, Конституциясын әкелді. Келесі кезекте еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша депутаттардың қошеметімен залға кіріп, жоғары орынға отырды.null

Бірлескен отырысқа ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанда тіркелген шетелдік миссиялардың басшылары, Сенат депутаттары, Мәжіліс депутаттары қатысып отыр. null

Айта кетейік, ҚР Конституциясының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының төрағасына көшеді. Сонымен қатар дәл осы бапта өзiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға өзінің өкiлеттiгiн тапсыратындығы көрсетілген.null

Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы 17 мамырда туған, қазақ. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжің лингвистикалық институтын (ҚХР), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы. РФ Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті докторы және профессоры, Женева дипломатия және халықаралық қатынастар институтының құрметті докторы, Бүкіләлемдік Жаратылыстану және гуманитарлық академиясының толық мүшесі. Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті Елші.null

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Мемлекеттік хатшы, Сыртқы істер министрі. Үшінші, төртінші сайланымдағы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, Қарусыздандыру конференциясының Бас хатшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылғы 16 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаттығына тағайындалып, Сенат Төрағасы болып сайланды. 2017 жылғы 14 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының отырысында Президенттің ұсынысы бойынша жасырын дауыс беру арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сенаттың төрағасы болып қайтадан сайланды.

Соңғы жаңалықтар