Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжіліс отырысы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжіліс отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатындығын хабарлаған болатын. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда Премьер-Министр Асқар Мамин отставкаға өтініш беріп, оны Мемлекет басшысы қабыл алған болатын. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді. Ал ҚР Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар