+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы басталды

2019 жылғы 4 қыркүйек 09:55
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті елордадағы инновациялық экожүйе нысандарымен танысты Ақмола облысында  Мемлекет басшысының өңірге жұмыс сапары талқыланды Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековты туған күнімен құттықтады

Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы Азия құрлығында орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамыту әрі егеменді еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды мақсат-міндеттерді көздейді. Әдеби форумның жалпы отырысына Нобель сыйлығының номинанттары Оңтүстік Корея қаламгері Ко Ын, катарлық Моза аль-Мальки, моңғолиялық Гомбожавын Мэнд Ооёо, Оңтүстік Азия халықаралық сыйлығының лауреаты үндістандық Амар Митра, Әзербайжан халық жазушысы Анар Расуыл Рзаев баяндама жасайды.

Форум жұмысы 3 күнге созылады. Бүгін шараның жалпы отырысы өтіп жатыр. Екі бөлімде 11 спикер баяндама оқиды. Ертең TED.9 форматында арнайы шара өтеді. Онда 10 спикер дәріс оқып, еркін форматта сұхбаттасады. Сондай-ақ, Абай көшесінің бойында «Қаламгерлер аллеясы» ашылады. Шара аясында Орталық Азия қаламгерлерінің кездесуі өтеді. Онда Ұлы Жібек жолы бойындағы әдебиеттің болашағы туралы айтылады. Форум аясында жас Азия қаламгерлерінің кездесуі де жоспарланған.

ҚР Президенті әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауыман өтетін шара 4-6 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Форумға сонымен қатар Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары, жазушылар одақтары мен қауымдастықтарының төрағаларынан құралған 90 қонақ келген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT