+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты қарым-қатынасқа оң әсерін тигізеді

2019 жылғы 5 желтоқсан 13:48
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты қарым-қатынасқа оң әсерін тигізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты өзара қарым-қатынас динамикасына оң әсерін тигізеді.

Ұқсас жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты ҚР Президенті телерадиокешенінің @ptrk.kz жеке телеграм каналы іске қосылады Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекованың отбасына көңіл айтты

Мұндай пікірді Орталық Азиядағы герман экономикасы өкілдігінің бас жобалық менеджері Әсел Тұрысбекова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты өзара қарым-қатынас динамикасына оң әсерін тигізеді. Қазақстан өзінің Орталық Азиядағы Германияның маңызды стратегиялық серіктесі екендігін еске сала алады. Неміс немесе басқа еуропалық бизнес Орталық Азия нарығына кірген кезде алдымен барлық уақытта да Қазақстанда орналасып, одан кейін белгілі бір уақыттан соң көрші елдердің нарықтарына шығуы тарихи тұрғыда қалыптасып қалған», - деді ол.

Оның атап өтуінше, дәл осы жайт еуропалық бизнеске өңірде аяқтан нық тұруға мүмкіндік берді.

«Бұл көптеген неміс компаниясына осы жерде өте жақсы орнығып қалуына мүмкіндік жасады. Қазіргі уақытта Өзбекстанға қатысты өте қызықты ахуал қалыптасып, шекара ашылды. Бұл елге қызғушылық артуда. Бүгінде неміс бизнесі Қазақстанға және өңірге үлкен қызығушылық танытып отыр. Осы тұрғыдан алғанда бұл сапар біздің позициямызды нығайтуға және жаңа қатынастарды дамытып, ескі байланыстарға қолдау көрсету үшін өзара ынтымақтастықты ұлғайтатындығымызды айтуға сеп болады», - деді Әсел Тұрысбекова.

Бұған дейін 5-6 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен баратындығын хабарлаған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT