10:45, 06 Желтоқсан 2019 | GMT +6
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапарының алғашқы күніне бейнешолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративті Республикасына ресми сапарының алғашқы күніне бейнешолу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Фейсбуктегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Қазақстан Президенті онда Германия Канцлері Ангела Меркельмен кездесіп, кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Германия Президентімен кездесті. Одан соң Германияның бизнес өкілдерімен жүздесті.