Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аяқталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аяқталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, жексенбі күні Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.

Кеше ҚР Президенті «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Ал бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президентінің сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.

ҚР Президенттің БАӘ-ге ресми сапары аясында 9 құжатқа қол қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бірлескен мәлімдемесін жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентіне қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді.

ҚР Президенті «First Abu Dhabi Bank» акционері шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті.

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан – БАӘ инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.

Мемлекет басшысының БАӘ-не ресми сапары туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің «Қазақстан мен БАӘ: орасан зор экономикалық әлеует пен ортақ құндылықтарға негізделген серіктестік» атты тақырыппен берілген шолуынан оқи аласыздар.


Фото: t.me/aqorda_resmi


Соңғы жаңалықтар