Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық шығындары бойынша есеп береміз - кандидаттың сенімді өкілі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі, республикалық қоғамдық штабтың басшысы Мәулен Әшімбаев сайлауалды үгіт-насиxаттың шығындары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Күні кеше ғана Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми түрде тіркегеннен кейін біз Халық банкінде кандидатымыздың уақытша есепшотын аштық. Барлық сайлауалды шаралар осы есепшот арқылы төленеді. Оған ел азаматтары, кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан ақша түседі деп ойлаймыз. Әрине, партия да өз көмегін жасайды. Бізде қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Соның бәрін пайдаланып, кейбір шығындарды өз мойнымызға аламыз. Артынан біз кандидаттың барлық шығындары мен оған жұмсалған қаражат бойынша ашық есеп береміз", - деді М.Әшімбаев журналистерге берген сұxбатында.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылды. Бұдан бөлек, үгіт-насиxат шаралары кезінде қалалық, облыстық және аудандық штабтар жұмыс істейтін болады. Бүгін "Nur Otan" партиясы Төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев республикалық штабқа кімдердің кіргенін айтып берді. Штаб әлеуметтік желілерге үлкен басымдық беретін болады. Ал сайлауалды үгіт-насиxатқа шетел мамандары тартылмайды.

Соңғы жаңалықтар