Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен Катар Мемлекетінің Әмірі құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қатар басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президент сайлауындағы айқын жеңісімен және Президентті ұлықтау рәсімінің сәтті өтуімен құттықтады.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Шейх Тәмим Әл-Тәни Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары қызметі қазақ халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, екіжақты ықпалдастықты одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар