Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі тікелей эфирден көрсетіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл туралы ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

Айта кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті.

Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген.


Соңғы жаңалықтар