Қасым-Жомарт Тоқаевқа Наурыз атты тазы күшігі сыйға берілді

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тазының күшігі тарту етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сізге сыйлық тарту еткіміз келеді. Ежелден қазақы ит тұқымы Қазақстанда өте құнды сыйлықтың бірі саналып келген еді. Өкінішке орай, соңғы жылдары оның құндылығы төмендеп бара жатыр. Сіз қабылдаған қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту жөніндегі жаңа заңды қабылдаудың арқасында мына күшік те тазы тұқымын көбейтуге септігін тигізеді деп үміттенеміз. Құжаттары бар, аты – Наурыз. Ол осыдан 1,5 ай бұрын дүниеге келді. Тұқымында жалғыз болғандықтан осынай ат берудің нышандық мәні болды», - деді Президентке күшікті сыйға тартқан асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.
«Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық, кәсіби көзқарас қажет. Сол үшін арнайы заң қабылдадық», – деді Президент.


Бұған дейін Президент тазы иттердің көрмесін тамашалағанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар