+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының 74,9 проценті сенеді

2019 жылғы 22 қазан 10:45
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының 74,9 проценті сенеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық интеграция институты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне жұртшылықтың көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Институттың сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР іскерлік орта өкілдерімен кездесті Тоқаев: Ішкі нарық мұнаймен Ақтөбе, Қызылорда облыстары есебінен қамтамасыз етілуде

Сауалнама 14 облыс орталығында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және ауылдарда жүргізілді. Сарапшылардың мәлімдеуінше, сауалнамаға 18 жастан асқан, ел тұрғындарының орташа әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштеріне ие азаматтар қатысқан.

Сауалнама қорытындысы бойынша, Президентті ел тұрғындары тікелей қолдап отырғаны айқын аңғарылады. Нақтырақ айтқанда, Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты тұрғындардың 70,3%-ы қолдайды.

Қоғамда ҚР Президентіне сену деңгейі де жоғары - 74,9%.

Респонденттердің 70%-дан астамы Президенттің бастамалары халықтың әл-ауқатын жақсартуға, елді дамытуға қауқарлы деп санайды.

Олардың пікірінше, ҚР Президентінің «Жердің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы мәлімдемесі», «Адамдарға, әсіресе балаларға қарсы ауыр қылмыстарға берілетін жазаны күшейту», «Көп балалы және табысы аз отбасыларға жалдамалы баспана беру», «Несие рақымшылығы», «Қазақстанның стратегиялық әріптестермен және халықаралық ұйымдармен белсене ынтымақтастық етуі» секілді шаралары маңызды.

Сауалнамаға қатысушылар Президент пен Үкіметтің жалақы, зейнетақы мөлшерін, жалпы елдің әл-ауқатын көтеретініне, баспананы қолжетімді ететініне, сыбайлас жемқорлықты жойып, медициналық қызмет пен білім беру сапасын арттыратынына үміт білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT