+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Журналистер де үнемі маска тағып жүруі керек

2020 жылғы 21 наурыз 17:50
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев:  Журналистер де үнемі маска тағып жүруі керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де маска тағып жүрулері қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең телеарналарымыздан жаңалықтар көрдім. Журналистеріміз сұхбат алып жүр. Ешқайсысы бетперде тағып жүрген жоқ. Дәмханаға, мейрамханаға кіріп сұхбат алады, маскасыз. Егер журналистеріміз бетперде тақпаса, онда қарапайым азаматтарымыз жайында не айтуға болады. Сондықтан барынша байыппен қарайық. Бұл - өте қауіпті ауру, індет. Бұл - жер шарының барлық түкпіріне жеткен ауру. Әлемнің 160-тан астам еліне коронавирус ауруы таралған. Соңғы онжылдықты жер бетінде мұндай болған емес», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы мұндай сөздерін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялаған видеода айтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT