Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкент қаласында барды. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың киелі Түркістаннан кейінгі жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасуда, - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады. Өңірге сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ат басын бұрып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жоспарымен танысты. Жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығында» болды. Сонымен қатар облыс активімен өткен жиынға қатысып, Президент лауазымындағы мақсатын жария етті.

Соңғы жаңалықтар