Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді.

«Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр» деп жазады Берік Уәли Facebook парақшасында.


Соңғы жаңалықтар