+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды

2021 жылғы 20 қазан 18:31
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Президентке Жошы хан кесенесі, мұражай, Жошы хан ескерткіші, жорық шатыры және қонақ үйден тұратын кешеннің заманауи технологиялық мүмкіндіктері мен қордағы құнды жәдігерлер таныстырылды.

Мемлекет басшысы қасиетті тарихи нысанның үнемі ғалымдардың назарында болып, ғылыми айналымға түсуі керек екеніне баса мән берді.

– Келесі жылы шетелдің және еліміздің белгілі ғалымдарын шақырып, Алтын Ордаға байланысты үлкен халықаралық конференция өткізу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдің туристік әлеуеті туралы баяндама жасап, Президентке курорттық аймақтар мен тарихи-мәдени кешендерді дамыту жоспарын ұсынды.

Жоспарға сәйкес Ұлытау, Қарқаралы, Балқаш аудандарының туризм саласындағы әлеуеті артып, сервистік және туристік инфрақұрылымдары дамитын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT