Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласына жұмыс сапарымен келді

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары аясында Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар