+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрін Қазақстанға шақырды

2020 жылғы 17 қыркүйек 17:52
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрін Қазақстанға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Ёсихида Сугаға аса жауапты лауазымға сайлануымен құттықтап жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшкенде үй кезегі сақталуы тиіс Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті Мемлекет басшысы Семейдің жаңа ықшамауданындағы құрылыс жұмысымен танысты

Жеделхатта жаңа Үкімет басшысының ел дамуына және жапон халқының берекесін баянды етуге, Жапонияның әлемдік қауымдастықтағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған игі істері мен бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірген.

«Қазақстан мен Жапония арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген мазмұнды саяси диалогымызды, әртүрлі салалардағы жемісті ынтымақтастығымызды өрістете түсу үшін Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екеніме сендіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында, Жапонияның Премьер-министрі Ёсихида Суганы Қазақстанға сапармен келуге шақырған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ёсихида Сугаға аса жауапты қызметте сәттілік, жапон халқына құт-береке тілеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT