Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тағайындалған кеңесшісінің немен айналысатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тағайындалған кеңесшісінің немен айналысатынын айтты. Бұл туралы ҚР Президенті өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.

«Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақовты өзімнің штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым. Ол қоғаммен байланыс жөніндегі жұмыстармен айналысады»,-деп жазды Президент.

Айта кетейік, Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Мақсат Сқақовтың ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғандығын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар