Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тағайындалған Энергетика министрін қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар