Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанның» іргетасы қалай қалануы керектігін айтты
2022 жылғы 16 наурыз 13:43

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанның» іргетасы қалай қалануы керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанның» іргетасы қалай қалануы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып экономика мен мемлекеттік басқару саласында реформалар пакетін әзірлеуге шұғыл түрде кірісу керек. «Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімінде қалануы керек. Ол еліміздің қадамдап алға жылжып, азаматтарымыздың өмірінің деңгейі артуына мүмкіндік береді», - деген Президент Жаңа Қазақстанды ешкім сырттан келіп құрып бермейтінін қайталап ескертті.

«Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT