Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесі Әз Наурызбен толық үндеседі

Фото: Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесі Әз Наурызбен толық үндеседі. Бұл туралы елордадағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесі Әз Наурызбен толық үндеседі, яғни Ұлыстың ұлы күнінде қасиетті Отанымыз мүлде жаңа сипатқа ие болды. Мұны дүние жүзінің көптеген елдері мойындап отыр. Енді саяси жүйесі толық жаңғырған еліміз тың қарқынмен дамиды. Бұл реформалар экономиканың өсуіне, халық табысының артуына жол ашады. Реформалар міндетті түрде жалғасын табады. Біз жан-жақты дамыған қуатты мемлекет боламыз! Бұл – негізгі мақсатымыз», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарының көзқарасы әртүрлі болғанымен, барлығының тілегі бір екендігін баса айтты.

«Бұл – елдің амандығы, мемлекеттің жарқын болашағы. Біз осы ортақ мақсат жолында жұмыламыз.

Алда атқаратын жұмыс көп. Бірлігімізді бекемдеп, бір ел болып іске кіріссек, алынбайтын асу жоқ. Мен жасампаз халқымыздың келешегі жарқын болады деп сенемін. Мемлекеттің мүддесі – бәрінен биік», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар