USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз демонстрацияға шығатындарға ескерту жасады

2021 жылғы 21 қазан 11:45
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз демонстрацияға шығатындарға ескерту жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аналар қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Жарлығымен әскери қызметші Сәндібек Қайыров «Айбын» орденімен марапатталды Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады

«Шын мәнінде ана дегеніміз - отбасының ұйытқысы, ананың орны ерекше. Оны бәріміз де білеміз. Сондықтан біз қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек. Сонымен қатар аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Кейбір көпбалалы аналарымыз заңсыз ерулерге шығып, айқай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті масылдықты - өзекті қоғамдық, тіпті саяси проблема деп атауға болатындығын баса айтты.

«Біз «Бейбіт жиналыстар туралы» өте жақсы заң қабылдадық. Кім не айтса да, бұл - демократияны дамыту жолындағы маңызды қадам. Бейбіт жиналыстар мен демонстрацияларға ешкім де кедергі келтірмейді. Онда бәрі жазылған. Ресми рұқсат алу қажет. Бұл жиналыстар, демонстрациялар хабарландыру режимінде де өткізіле алады. Бірақ, осынау болмашы талапты кейбір азаматтар бұзуға болады деп есептейді. Осы тектес әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Бас прокуртураның міндеті - азаматтарымызға осы заңды түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті қоғамдық тәртіпті, заңнамамызға сәйкес қолдау», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT