+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік жұмыстардың негізгі бағыттарын атады

2019 жылғы 10 желтоқсан 13:27
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік жұмыстардың негізгі бағыттарын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Волонтерлік сағаттарды еңбек өтіліне есептеудің әдістемесін енгізу қажет. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау еріктілері үндеу жариялады Ақтауда туристерге волонтерлер көмек көрсетеді Павлодардағы Бұқар жырау музейі волонтерлерді жәдігер жинауға жұмылдырмақ

«Волонтерлер балалар үйлеріндегі балаларды қамқорлықтарына ала алады. «Саулық» бағыты арқылы медициналық волонтерлік дамып, науқастарға қамқорлық көрсетіледі. «Таза әлем» жобасы - бұл қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету. «Асыл мұра» бағыты волонтерлерді халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға тартады. «Қамқор» бағыты еріктілердің қарттар үйлерінде жұмысына бағытталған. «Білім» - бұл ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту. Ал «Үміт» жобасын Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыздың ерліктерін паш ететін құжаттарды іздеуге бағдарлауға болады»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы волонтер-заңгерлерді халықтың құқықтық сауатын арттыру жұмыстарына, құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға консультациялық көмек көрсетуге тарту қажеттігін баса айтты.

«Үкіметтік емес ұйымдарды нақты қолдау үшін мемлекет әрбір бағыт бойынша гранттар бөледі. Волонтерлік сағаттарды еңбек өтіліне есептеудің әдістемесін енгізу де маңызды. Бұл әсіресе осы салада тұрақты жұмыс істейтіндерге қатысты. Меніңше, бұл өте маңызды», - деді ҚР Президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT