Валюта бағамдары:
    usd/kzt 467.99 eur/kzt 488.82

    rub/kzt 7.7 cny/kzt 65.06
Ауа райы:
Астана-22-24℃
  Jańalyqtar  >

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға

2022 жылғы 30 қыркүйек, 16:38

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қ.Тоқаев оқу орнының тарихы мен жетістіктеріне, білім ордасынан білім алған ұлы тұлғалардың өміріне арналған көрмені аралап, оқытушылар ұжымымен және студенттермен пікірлесті.

Еркін әңгімелесу форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мамандарға ризашылығын білдірді.

«Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Балаларға лайықты білім беріп жатырсыздар. Білімсіз адам қауқарсыз деп айтуға болады. Қауқарсыз адам қазіргі бәсекеге толы әлемде қалай өмір сүреді? Сондықтан жас мамандарға мен ризамын. Өздеріңіз сияқты жастарды мемлекет те әрқашан қолдайды», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент елімізде жастарға жағдай жасау үшін біраз реформа жүзеге асырылып жатқанын айтты.




Фото: t.me/bort_01





Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары