+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады

2019 жылғы 27 желтоқсан 09:41
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады»-деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT