Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге және Үндістан халқына теміржол апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап

«Одиша штаты, Баласор елді мекенінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай азалы сәтте Үндістан халқымен біргеміз», – деп жазылған жеделхатта.

Осыған дейін Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, 288 адам қаза тапқанын жаздық.


Соңғы жаңалықтар