Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлттық кеңес елімізді жаңғырту ісіне елеулі үлес қосады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Ұлттық кеңес елімізді жаңғырту ісіне елеулі үлес қосады деген сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Ұлттық кеңес мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері елімізді жаңғырту ісіне елеулі үлес қосады деп сенемін. Бұл – өте маңызды міндет», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.


Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды.

Еске салсақ, 12 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ұлықтау рәсімінде Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру жөнінде айтқан болатын.

Сондай-ақ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кімдер енгені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар