Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің басшыларына алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Презиенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында ұйымға мүше елдердің басшыларына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төрағамыз Никола Воваевич Пашинянға қажетті құжаттарды дайындау мен ұйымдастыру бойынша жедел жұмыс істегені үшін алғыс айтқым келеді. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путинге түсіністік танытып, ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингентін жіберу бойынша мәселені тез шешкені үшін ерекше алғыс білдіремін. Владимир Владимирович, біз сізбен елімізге террористік шабуылдар басталған алғашқы күннен бастап байланыста болдық», - деді Президент.

Сондай-ақ, ол ұйымға мүше елдерге саяси және жауынгерлік бауырластық танытқаны үшін ризалығын білдірді.

«Александр Григорьевич Лукашенкоға, Садыр Нұрғожа Жапаровқа, Эмомали Шарипович Рахмоновқа саяси, тіпті жауынгерлік бауырластық үшін рахмет айтамын.

Бүгін бізде Қазақстандағы трагедия күндері қайтыс болғандарды еске алуға арналған жалпыұлттық аза тұту күні. Сіздерге осы оқиға бойынша қайғымызды бөліскендеріңіз үшін шын жүректен ризамын.

ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Васильевич Заське, хатшылықтың барша жұмылған ұжымына, ұйымымыздың бірлескен штабына ерекше алғыс айтамын», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Маңғыстау облысындағы бейбіт шерудің жалғасы бірқатар өңірде жаппай тәртіпсіздікке ұласып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеру үшін көмек сұраған болатын.

10 қаңтар күні ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығы мәлімдеме жасады.

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Маңғыстау облысында ҰҚШҰ әскері орналасқан деген ақпаратты жоққа шығарды.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ әскері дағдарыс аяқталғаннан кейін елдеріне қайтады.


Соңғы жаңалықтар