Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

Осыған дейін Түркиядағы алапат жер сілкінісі салдарынан елдің 10 провинциясында көз жұмғандар саны 284 жетіп, зардап шеккендер 2323 жеткені хабарланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

СІМ мәліметі бойынша, қазіргі сәтке дейін онда Қазақстан азаматтары зардап шекті деген ақпарат келіп түскен жоқ.

Фото: aa.com.tr
Соңғы жаңалықтар