Қасым-Жомарт Тоқаев ҰБТ тапсырушы түлектерге сәттілік тіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰБТ тапсырушы түлектерге сәттілік тіледі. Өзінің түлектерге лебізін Мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасы арқылы жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Жауапты мемлекеттік органдарға оны заңға сәйкес өткізуді, ҰБТ-ға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Түлектерге сәттілік тілеймін!»,-деді Президент.

Айта кетейік, Қазақстанда бүгін 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатыр.

«Республика бойынша бүгін барлығы 13 мың бала ҰБТ тапсырып жатыр. Бұл - бірінші лек. Жалпы 9 күн тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. ҰБТ-ны барлығы 117 242 түлек тапсырады», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов.

Соңғы жаңалықтар