+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев - уақытша Президент емес - ресейлік сарапшы

2019 жылғы 10 сәуір 18:20
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев - уақытша Президент емес - ресейлік сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев - уақытша Президент емес. Бұл туралы халықаралық шолушы, жазушы, белгілі ресейлік журналист Леонид Млечин өзінің YouTube-тағы арнасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституция бойынша Президент болған Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымға уақытша келді деп болжаған болатын көбі. Тоқаев - уақытша президент емес. Сондықтан осыған ерекше екпін қойғым келеді, өйткені қазіргі кезде дәл солай екенін көріп тұрмыз. Ол кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешімін жариялады және сайлау екі айдан кейін өтеді. Алайда Мемлекет басшысы осы лауазымда 2020 жылдың сәуіріне дейін қалып, осы кезеңді ұтымды пайдаланып, түрлі шаралармен сайлаушыларды өзінің жағына тартуына мүмкіндігі болды», - деп тоқталды ресейлік сарапшы.

Оның пайымынша, Тоқаев заңды Президент бола тұра, өзінің сайлаушыларынан, отандастарынан, ел халқынан сенім мандатын алғысы келіп тұр. Яғни бұл қадам елді басқарып, өзінің міндетін орындауы үшін керек.

Леонид Млечиннің атап өтуінше, посткеңестік республикалардың өмірін зерттейтін ғылыми институттарды, талдау орталықтарын құру қажеттігі бар.

«Қазақстандағы оқиғалар бізде талдау орталықтарының құрылуына түрткі болуы тиіс. Бұл орталықтар өз кезегінде көрші елдердегі үдерістерді зерттей алады. Атап айтқанда, екі мемлекеттің пайдасына бірлескен іс-қимыл жасау үшін тиісті ақпарат беруге қауқарлы зияткерлік орталық қажет болып тұр», - деді сарапшы.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу арнап, онда еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдағанын жариялаған болатын.

«Қазақстан - демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, Мемлекет басшысы ретінде сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл - менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге сенемін», - деген еді Қ.Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT