Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасын өзі жүргізеді - Берік Уәли

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөздің емес істің адамы. Мұндай пікірді «Хабар 24» телеарнасының «Сұқбат» бағдарламасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Берік Уәли Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасын өзі жүргізетіндігін баса айтты.

«Кез келген мемлекеттік лауазымды тұлғаның әлеуметтік желідегі парақшасын көмекшілері немесе баспасөз қызметі жүргізеді деген қасаң түсінік бар. Жоқ, Мемлекет басшысы кез келген твитті өзі жазып, қадағалап халыққа ұсынып отыр десем, қателеспеймін», - деді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, мемлекеттік рәміздерді пайдалануға қатысты қоғамда үлкен пікірталас туындаған кезде Президент арнайы твит жазып, рәміздерді пайдалану қағидаттарын қайта қарауға тапсырма берді.

«Оны дер кезінде депутаттар іліп алып, мемлекеттік рәміздердің қолданыс аясын кеңейтті», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар